Войти
Закрыть

Мектепке жол акциясы бойынша хабар

Информация / Мероприятия

Абай облысы Аягөз ауданы 2022 жылы "Мектепке жол" Республикалық акциясы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазакстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған.  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі   Қазақстан  Республикасы   Президнеті  Қ.  Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында  1 тамыз мен 30 қыркүйек аралығында жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық  акциясының басталғанын хабарлады.



Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос педагогтік лауазымға конкурс жариялайды

Информация


     Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, А. Тәңірбергенов көшесі, №55 «А» үй, тел: 3-84-01, 795_036@ayagoz-roo.kz, Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің «К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 
Музыка пән мұғалімінің лауазымдық міндеттері:Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.
      Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады. 
      Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайды. 
      Электронды журналдарды толтырады. 
      Жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген оқушылар мен деңгейден төмен емес тәрбиеленушілердің пәндік нәтижелерін, отбасылық-қызметтік, тұлғалық жетістіктерін қамтамасыз етеді.
      Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.
    Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады. 
     Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді. 
      Арнайы (түзету) білім беру мекемелерінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
     Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.
    Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.  
    Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.  
    Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.  
    Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды.  
    Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.  
      Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады. 
      Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді. 
      Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Еңбекке ақы төлеу: төменгі еңбекақы 72558 тг – жоғарғы еңбекақы143611 тг.
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары:тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білімі болуы тиіс.
Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогикалық жұмыс өтілі үшін педагог-шебер – 5 жыл. 
 Педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші кемінде 4 жыл.
     Құжаттарды қабылдау мерзімі: 12 тамыздан 19 тамызға дейін.
    Қажетті құжаттар тізбесі:
     1) 10-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтініш;
     2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
    4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
     5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
    6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
     7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
     8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
     9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
     10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Республикалық "Абай оқуларының" аудандық кезеңінің "Абайдың қара сөздері" бөлімі

Информация / Наши достижения / Администрация

Республикалық "Абай оқуларының" аудандық кезеңінің "Абайдың қара сөздері" бөліміне қатысып "К. Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы" КММ-нің 8 сынып оқушысы Бекенқызы Диана III орын иеленді. Жетекшісі: Келіс Базаргүл Дәулетбекқызы. Құттықтаймыз!

М.Әуезовтің 125 жылдығына арналған 2010-2011, 2012-2013 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында қазақ күресінен аудандық ашық турнирде Тәттімбетов Шыңғыс І орын алды. Құттықтаймыз!

Информация / О школе / Наши достижения / Методика и опыт


М.Әуезовтің 125 жылдығына арналған 2010-2011, 2012-2013 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында қазақ күресінен аудандық ашық турнирде Тәттімбетов Шыңғыс І орын алды. Құттықтаймыз!

Хабарландыру

Информация

9.11-кластың жетекшілері, ата-аналары! 28.04.2022ж сағат 15.00-де мектеп бітіруші 9,11-кластың ата-аналарына, класс жетекшілеріне Аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Т.Азимбаевтың қатысуымен жиналыс өтеді. Жиналысқа ата-аналар немесе заңды өкілдер 100% қатысуы керек. Күн тəртібінде:  1) Оқу жылының аяқталуы, "Соңғы қоңырау",  "Түлектердің аттестация алу" салтанатты жиындарының өтілу барысы, шарттары
2) ҰБТ, "Алтын белгі" алуға қойылатын талаптардағы өзгерістер туралы ақпарат
3) Оқушыларға, ата-аналарға кәсіби бағдар
4) Мектеп формасы, түрлі мүмкіндіктер

«Дебат мәдениетін меңгеру-заман талабы»

Информация / О школе / Администрация

Білім алушылардың сыни ойлау тұрғысынан дамуына, өз пікірін нақты жеткізуге, тұжырымды дәлелдер келтіре білуге үйрету мақсатында мектебімізде «Дебат мәдениетін меңгеру-заман талабы» атты мектепішілік пікірсайыс өтті.
«Бейбіт заманда батырлық жасауға дайынсың ба?» тақырыбымен 7-8 сынып оқушылары пікірсайысқа қатысып толғамды тұжырымдарын дәлелдеді.
Қызықты, әрі тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша:
I орын “Нақтылық”командасы— Бекмухаметова Ақниет, Махсатова Мариям;
II орын “Крис”командасы— Аяна Тлеубекова, Төкенова Мөлдір;
III орын "Қант”командасы—
Аманжолов Мирас, Қайырбеков Мадияр иеленді. Қалған қатысушылар" Үздік спикер" номинациясымен марапатталды.
Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлағатты сөзі білімнің баға жетпес үлкен рухани қару екендігін, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екенін көрсетеді.Сондықтан да баба мұрасы – ұрпаққа ұлағат, кейінгіге аманат, келер күнмен бірге жасайтын рухани асыл қазына. Бүгінгі күннің пікірсайысы – кешегі өткен халық даналығының, асыл қасиеттерінің қазіргі заманға сай жаңаланған бейнесі.
Белсенділік танытып,пікірсайысқа қатысқан білім алушыларды құттықтаймыз!


1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мейрамына орай көрме ұйымдастырылып, білім алушылар, оқырмандар көрмемен таныстырылды.

Информация / О школе

Білім алушылар арасында достық қарым-қатынастарын қалыптастыру, ынтымаққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу мақсатында "К. Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы" КММ-нің кітапханасында 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мейрамына орай көрме ұйымдастырылып, білім алушылар, оқырмандар көрмемен таныстырылды.

олимпиаданың аудандық кезеңі

Информация / О школе / История школы

9-11 сыныптар арасында өткен Жакула Күшікұлы атындағы облыстық олимпиаданың аудандық кезеңінде мектебіміздің білім алушылары — Ерен Мұхаммед 10 "А" сынып оқушысы (биолгия пәні бойынша) III орын иеленді.
Пән мұғалімі: Шарипова Раушан Төлеубаевна;
Құсайынова Ақниет 10 "Б" сынып оқушысы (химия пәні бойынша) II орын иеленді. Пән мұғалімі: Жетпісбаев Әділет Ануарбекович. Құттықтаймыз!


"К. Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы" КММ кітапханасында 2 сәуір "Халықаралық балалар күніне" арналған іс-шара өтті.

Информация / О школе / Методика и опыт

"К. Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы" КММ кітапханасында 2 сәуір "Халықаралық балалар күніне" арналған іс-шара өтті.


Навигация