- adminkz
- 24-03-2022, 21:39
- 531
Информация / История школы / Наши достижения
Облыстық«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» атты республикалық балалар кино фестивалінің облыстық кезеңінде:
1. «Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім» номинациясы бойынша Сериков Ақан Берікұлы 2-орын алды. Жетекшісі: Нугумаров Рауан Косылханович;
2. «Музыкалық клип» номинациясы бойынша Жұмағазы Зейін 2-орын. Жетекшісі: Нұртілеу Бауыржан Нұртілеуұлы.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
- adminkz
- 12-03-2022, 10:16
- 601
Информация / О школе
Тілім менің-тірлігімнің айғағы" тақырыбында өткізілген қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығының есебі.
- adminkz
- 11-03-2022, 10:14
- 559
Информация / О школе
2022 жылдың 11наурыз күні мектебімізде ұлттық құндылықты насихаттау мақсатында (15 минуттық үзілісте) Білім алушылар“Қара жорға”биін биледі.
- adminkz
- 2-03-2022, 09:57
- 1 007
Информация / О школе
"К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназисы"КММ-де наурыз айының бірінші сәрсенбісінде өтетін "Дүниежүзілік дауыстап оқу" күні өтті.Іс- шараның мақсаты кітапқа баршаның назарын аудару, өзіне ұнаған шығарманы дауыстап оқу арқылы өзгеге ұсыну.
Қазіргі өмір ырғағында дауыстап оқуға іс жүзінде уақыт қалмайтыны жасырын емес және бұл өте пайдалы! Дауыстап оқу ойды оңай және дәл айтуды үйренуге мүмкіндік береді, сөздік қорын, ой-өрісін арттыруға, дикцияны, интонацияны, эмоционалды бояуды, жарықтығын, сөйлеу дұрыстығын және оның басқа элементтерін жақсартуға көмектеседі.
- adminkz
- 21-02-2022, 21:51
- 803
Информация / Наши достижения / Преподаватели / Методика и опыт
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы әдістемелік қолдау мақсатында «Қазіргі заманғы білім беру технологияларының тәсілдерімен «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» сабақтарындағы пәнаралық кіріктіру» практикалық онлайн-семинарын өткізді.
Онлайн-семинар барысында:
«Атамекен» ҚР ҰКП кәсіпкерлік және бизнес негіздері бойынша
«К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнінің мұғалімі Серікбаев Ермек Мизамбекұлы;
география пәнінің мұғалімі Тұрысбеков Мұхтар Мәжитұлы;
тарих пәнінің мұғалімі Қалдыбаева Орынгүл Советқалиқызы іс-тәжірибелерімен бөлісті. Құттықтаймыз!
- adminkz
- 21-02-2022, 21:45
- 547
Информация / Нормативные документы
ЕГЕР БАЛАҢЫЗ ЖОҒАЛЫП КЕТСЕ….
Сабыр сақтаңыз. Үрейге бой алдырсаңыз,баланы табуға мүмкіндік беретін маңыздысəттерді абдырап, ұмытып қалуыңыз мүмкін. Жоғалған баланы іздестіру барысында кез-келген мəлімет маңызды.
Аумақтық полиция бөліміне балаңыздың жоғалғаны туралы арыз түсіріңіз. Өзіңізбен бірге жоғалған баланың сыртқы келбеті туралы неғұрлым көп мағлұмат беретін соңғы түскен суреті менқұжатын алып барыңыз.
Полиция қызметкеріне жоғалған бала туралы барлық ақпаратты айтыңыз. Сұрақтар орынсыз болып көрінсе де, барлық сұрақтарға байсалды жауап беріңіз. Есіңізде болсын, іздеу шарасы нəтижелі болуы үшін, дəл осы бастапқы ақпараттың маңызы зор.
Полиция қызметкерлерінен балаңыздың күдікті достары, жаман əдеттері, сондай-ақ оныңүйдегі немесе мектептегі жанжалдары туралы ақпаратты жасырмаңыз.
Балаңыздың жоспары туралы білуі мүмкін-ау деген барлық достарына, таныстары мен жақындарына, сынып жетекшісіне қоңырау шалып көріңіз. Ол баруы мүмкін достары мен туыстарының үйлерін өзіңіз аралап шығыңыз. Достарынан балаңыздың ниеттері мен жоспарлары туралы сұрап шығыңыз. Бірден хронологиялық тəртіпте сіздің балаңызды кім, қай жерде жəне қашан соңғы рет көргенін жазып алыңыз. Кейін бұл мəліметтер полицияға баланың жүрген жерін анықтауға көмектеседі.
Балаңыз үйден алып кетуі мүмкін ақша, бағалы заттар немесе басқа да заттар жоғалған жоқ па екен, соны тексеріңіз.
Балаңызды соңғы рет қай жерде көргенін анықтауға тырысыңыз, кəмелетке толмағандар жиналатын жəне демалатын жерлерді, саябақты, спорт жəне балалар алаңдарын, үйңіздің маңындағы гараждарды қарап шығыңыз.
Егер қараусыз жүрген жас баланы көрген куəгер табылса, міндетті түрде оның деректерін, үй мекенжайы мен байланыс телефондарын жазып алыңыз.
Жедел жəрдемнің ықтама бөліміне, ауруханадардың қабылдау бөлімшелеріне қоңырау шалыңыз жəне олардан іздеудегі баланың түскен-түспегенін нақтылап сұрап алыңыз. Жоғалып кеткен баланың ерекше белгілері туралы барынша дəлдікпен айтыңыз жəне оның киімін суреттеңіз.
Полиция қызметкерлерінен консультация алғаннан кейін міндетті түрде интернетте немесе басқа бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде əлеуметтік желілерде жоғалған бала туралы ақпарат жариялаңыз.
Бала оралуы мүмкін жерлерде ересек адамдардың болатынына көз жеткізіңіз.
- adminkz
- 18-02-2022, 20:05
- 540
Информация / Нормативные документы
- adminkz
- 18-02-2022, 14:33
- 470
Информация / Наши достижения / Методика и опыт
Аудандық «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» атты республикалық балалар кино фестивалінің аудандық кезеңінде:
1. «Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнім» номинациясы бойынша Сериков Ақан Берікұлы 1-орын иеленіп,ОБЛЫСТЫҚ САЙЫСҚА жолдама алды Жетекшісі: Нугумаров Рауан Косылханович;
2. «Музыкалық клип» номинациясы бойынша Жұмағазы Зейін 2-орын. Жетекшісі: Нұртілеу Бауыржан Нұртілеуұлы;
3.«Деректі (ойынды емес) кино» номинациясы Қапан Аруана 3-орын.Жетекшілері: Жуанышева Майра Барлыкбаевна, Канапьянова Арайлым Адилбекқызы;
4.«Ғылыми кино» номинациясы бойынша Жолдыханова Айғаным 2-орын иеленді.Жетекшісі: Дюсембекова Раушан Сапарбековна
5.«Анимациялық кино» номинациясы бойынша Махмудхаджаева Ания 2-орын.Жетекшісі: Туманбаева Ардак Бакытбековна;
6.«Телевизиялық сюжет» номинациясы бойынша Ерланова Айжан 3-орын.Жетекшісі: Жетписбаев Адилет Ануарбекович;
7.«Ойынды кино» номинациясы бойынша Орынғазинов Олжас 3-орын.Жетекшісі: Чабден Ақмарал Берикқызы ;
8.«Киножурнал» номинациясы бойынша Омарова Аружан Қанатқызы 2-орын.Жетекшісі: Толегенова Динара Төлегенқызы.
9. «Ең үздік операторлық жұмыс» номинациясы бойынша Сарбасова Гүлім Берікқызы 3-орын. Жетекшісі: Турысбеков Мухтар Мажитович.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
- adminkz
- 17-02-2022, 14:28
- 638
Информация / О школе / Преподаватели / Методика и опыт
Сүйінші!!!
Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 11 ақпанында жалпы білім беретін ұйымдарының 8-11 сынып оқушыларының арасында қазақ тілі мен әдебиетінен IV «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңде ауданымыздың намысын қорғаған,мектебіміздің мақтанышы Ажибаева Аяна Асхатқызы 1-орын алып, республикалық олимпиадаға жолдама алды. Құттықтаймыз!!!
Жетекшісі: Жумагулова Айгүл Ришатовна
- adminkz
- 14-02-2022, 10:50
- 527
Информация / О школе
2022 жылдың 14 ақпан күні Аягоз АПБ ӘПБ ЖЖТИ тобының МАИ полиция аға лейтенанты Баяхметбай З, Билялов К. қатысуымен бастауыш сыныптарға жолда жүру ережелері мен өмір сүру қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді